«Алақай » бөбекжай-балабақшасы» мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның өзіндік аттестаттау қорытындысы
Ι. Бөбекжай-балабақшаның материалдық базасы.
Алақай б-балабақшасы желтоқсан айының 2009 жылы құрылған, іске 2010 жылдың 14 қаңтарында берілген. Білім беру мекемесінің мерзімі шектелмеген, сериясы АБ №0030012 2010 жылдың 14 қаңтарында Темір аудандық білім бөлімімен берілген мемлекеттік лицензиясы бар. Б-балабақшада лицензияланған медициналық кабинет жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте кушетка, бой өлшегіш, медбике столы және алғашқы көмек көрсетілетін дәрі-дәрмектерден басқа құрал - жабдықтар бар. Медбике М.Кибасова СанПИН талаптарына сай жұмыстануда: тәрбиенушілердің тамақтануын ұйымдастыратын іс-қағаздар толық жинақталған, 2 апталық бекітілген ас мәзірі, ас мәзірін ілетін және тәрбиеленушілерге ыстық тамақ беруге бұйрықтар мен нұсқаулықтар ілетін арнайы тақта жасалған.
ІІ.Лицензиялау құжаттарының жүргізілуі.
Лизензиялау құжатары, статистикалық карточка, салық төлеушісінің куәлігі жинақталған.
ІІІ.Мектепке дейінгі білім беру мекемесін ақпараттандыру жәйі.
Б-балабақшада компьютер бар. Интернет жүйесіне қосылған. Әлеуметтік желідегі(инстаграм) парақша атауы @аlakai_balabaksha
ΙY.Оқу -педагогикалық құжаттардың жүргізілуі.
1.Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің лауазымдық қызметтерінің міндеттері бөлінген және тиісті мамандарға таныстырылған. Білім беру мекемесінің іс-қағаздарының номенклатурасы жазылған.
2.Бұйрық кітабы жүргізуде. Бұйрық жазуда күннің жады және марапаттау, еңбек тәртібіне сәйкес тәртіптік шаралар жазылған.
3.Тәрбиеленушілердің жеке іс-қағазының жинақталуы талапқа сай.
Y.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.
Б-балабақшада 1 топ бар. Онда 25 бала тәрбиеленуде.Б-балабақша типтік бағдарламасымен жұмыс жасайды. Балалардың жас ерекшелігі ескеріліп, жататын, тамақтанатын, ойнайтын орындары дайындалған, балаларға ыстық тамақ ата– аналардың айлық мүшелік жарнасы есебінен ұйымдастырылған.
YI.Педагог кадрлар жайы.
Б-балабақшада 5 педагогикалық кадр жұмыс жасайды. Оның 2 жоғары,3 арнаулы орта білімді. 1 санатты-2, 2 санатты-1, 2-санатсыз. Педагог кадрлардың құжаттары толықтырылған. Педагогикалық қызметкерлердің жеке іс-қағаздарын жаңартылып, толықтырылған, келісім шартты ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қайта жүргізілген. Мектепке дейінгі мекеменің әдіскері В.К.Тажибаева лауазымдық қызметке аудандық білім бөлімінің келісімімен тағайындалды.
YΙΙ.Оқу жоспарларының жайы.
Б-балабақшада оқу - іс әрекеті 5 сала бойынша жүреді.
1.Әлеуметтік орта (қоршаған ортамен танысу, көркем әдебиет)
2.Қатынас (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу)
3.Таным (сенсорика, қарапайым математикалық ұғым, құрастыру, қоршаған ортамен таныстыру)
4.Шығармашылық (сурет, мүсіндеу, жапсыру, музыка)
5.Денсаулық (дене шынықтыру)
9 ай бойы осы салалармен оқу - іс әрекеті жүргізіледі. 1маусымнан бастап жазғы сауықтыру шараларына көшіріледі. Жаңа стандарт «негізгі үштік» яғни ата-ана, бала, тәрбиші арасындағы тығыз байланысты орнатуға мумкіндік беріп отыр. Ата-анамен өткізілетін шаралар 12 айға бөлініп жоспар құрылды. Қыркүйек айындағы ата-аналар жиналысында ата-анаға таныстырылады. Сонымен қатар жылдың төрт мезгілінде өтетін денсаулық шаралары, денсаулық күндері енгізіліп таза ауада ұйымдастырылады.
YΙΙΙ.Әдістемелік жұмыс жайы.
Әдістемелік жұмыс бойынша өткен жылдары атқарылған шараларға педагогикалық толық талдау берілген . Б-балабақша тобындағы жыл бойы өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар жоспары құрылып бекітілген.Ашық сабақтар, мерекелік тәрбиелік іс-шаралар өткізілген. Әдістемелік кеңестің отырыстары өткізіліп, хаттамалары жазылған. Тәрбиеленушілердің топтары арасында түрлі тәрбиелік шаралар уақытында өткізіліп қорытынды шығарылған. Б-балабақшаның жұмыс жоспары құрылып, өткен оқу жылына сараптама жасалынған. Б-балабақшаның алға қойған мақсаты мен міндеттері нақтыланған. Педагогикалық кеңес жоспары құрылып күн тәртібінде мектепке дейінгі тәрбиені қалыптастырудағы өзекті проблемалар қаралынған. Оқу –тәрбие процесінде барлық жұмыс түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бір жүйеде құрылған. Әдістемелік кабинеттің оқу-тәрбие материалдары, құрал -жабдықтары педагогикалық талаптарға сай. Әдіскердің айлық жоспарының әдістемелік мазмұны жоғары. Ата-аналармен, тәрбие-шілермен жұмыс дұрыс жолға қойылған. Оқу жылындағы ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шаралардың орындалуына тоқталар болсақ жоспарда белгіленген ашық сабақтар, ертеңгіліктер, ата-аналармен бірлескен жұмыстарда тәрбиеші А.А.Ермекбай жаңашылдығымен, іздемпаздығымен өткізген сабақтарында « Алтын күз», « Жаттығу арқылы, шынықсын денеміз», «Сіріңкемен ойнама,балақай!», «Жасыл шырша жанында», «Қысқы ойынның қызығын-ай», «Жол және бала» ,«Тәрбие көзі –балабақшада» озін көрсете білді. Тәрбиеші Р.А.Жеңіс «Тәуелсіздік тірегім» атты апталықта ата-аналар мен бірге мәдениет үйінде өткізілген «Болашағы елімнің балғын бөбек» сурет көрмесіне белсене қатысып мақтау қағазымен марапатталды.
ΙХ.Атқарушылық тәрбие.
Аудандық білім бөліміне келген қатынас қағаздар дұрыс кірістеліп-шығысталынған. Кіріс және шығыс құжаттары екі журналға тіркелген. Орындалуға берілген бұйрықтар бойынша іс-шаралар жоспары құрылған.
1Х. Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында іс-шаралар жоспары құрылған. Ата-аналармен «Әкем, шешем және мен» , «Асыл әжем, ақ әжем», «Толағай» атты тақырыптарда тәрбиелік шаралар өткізілген.Тәрбиеленушілердің тамақтануы, тамақтану рационы ата-аналарды қанағаттандырады. Тәрбиеленушілер және ата-аналармен бірлесе отырып «Болашағы елімнің, балғын бөбек» мерекелік ертеңгіліктер өткізілді.
Өзін-өзі аттестациялау қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар берілді:
- Тәрбиеленуші тобындағы безендірулерді жаңарту.
- Топта табиғат бұрышын жасақтау.
- Тәрбиеленушілердің құжаттарын толықтыру.
- Оқу-тәрбие жұмысында жаңашыл педагогикалық технологиялар жүзеге асыру.






